Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылайды және тиісті шаралар жүргізеді.
Бүгінгі таңда, Департаментпен, жер, білім, көлік бақылау салалары бойынша қашықтықтан бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің рәсімдері бойынша 100-ден аса кемшіліктер анықталды.
Нәтижесінде, орын алған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар жолданып, алдағы уақытта болдырмау бойынша түсіндірмелер берілді.
Айта кетейік, егерде көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты арыз-шағым, қандайда бір сұрақ немесе ұсыныс болған жағдайда, Департаментке тікелей (Шымкент қ., Тәуке хан 3 «А») немесе электрондық жүйе (Е-Otinish) және https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында арқылы жолдай алатындарыңызды назарларыңызға жеткіземіз.
Қызмет алушының құқығы назарда
![құқығы назарда](https://ntime.kz/wp-content/uploads/2025/02/1-24-720x437-1.jpg)