Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Қызмет алушының

Департаментке қала тұрғынының «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты шағымы түсті.

Шағымда, өтініш иесі аталған қызметке қараша айының басында Шымкент қаласының Білім басқармасына (бұдан әрі — Басқарма) ақпараттық жүйе арқылы өтініш қалдырғандығын және бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алмағандығын мәлімдеген.
Департаментпен тексеру жұмыстарын жүргізу барысында аталған мемлекеттік қызмет көрсету түрі техникалық ақаулардың салдарынан жүйеге түспегендігі анықталып, Басқармаға тиісті ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, орын алған ақаулар жойылып, шағым иесі тиісті кезектілікке қойылу арқылы құқығы қалпына келтірілді.

Айта кетейік, егерде көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты арыз-шағым, қандайда бір сұрақ немесе ұсыныс болған жағдайда, Департаментке тікелей (Шымкент қ., Тәуке хан 3 «А») немесе электрондық жүйе (Е-Otinish) арқылы жолдай алатындарыңызды назарларыңызға жеткіземіз.

#мқіашымкент
#адгсшымкент
#мемлекеттікқызмет
#государственнаяслужба