«Достық үйінде» өткізілген Қоғамдық кеңес отырысында Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметіне Бақберген Досманбетов сайланды деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Қоғамдық кеңес төрағасы Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлы денсаулығына байланысты төрағалықтан босатып, мүшелікте қалу өтінішіне сәйкес бірауыздан «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов жаңа төрағасы болып сайланды.
Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы – э.ғ.д., профессор, академик. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.