2022 жылғы 18 мамырда сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізіледі. Тексеру барысында қала аумағындағы электродабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс зорайтқыш қондырғылар іске қосылады.Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жасайтың іс-қимыл қағидаларын еске салады.Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:• радио және теледидарды қосыңыз;• шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:• көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Барлық іс-шаралар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қандай да бір қауіпті факторларының орын алуы немесе туындау қатері және «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!»дабылы бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуына бағытталған.Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын жаттығу өткізу кезінде үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы