Бүгінгі таңда Маңғыстау ауданындағы Жыңғылды, Жарма және Сазды ауылдарын құм басу дерегі тіркелген деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осыған орай 2018 жылы «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағымен» «Маңғыстау ауданының Жарма, Сауысқан және Сазды ауылдарын құм көшкінінен қорғау жұмысы бойынша аймақты зерттеу және шығындарды есептеу» жұмыстары жасалды. Зерттелген ауылдардың айналасында малдың шектен тыс жайылуымен байланысты 100% деградациясы байқалады.
Осыған орай, аталған жобаны 2021 жылы «СПК «Каспийге» және «Өзенмұнайгаз» АҚ-на инвестициялық жоба ретінде ұсынылды.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Д.Құсбековтың мәліметінше үш ауылды құм басудан қорғау үшін 6 жылдық жоба жасақталды. Жоба аясында барлығы 134,02 га жерге 327 152 (сексеул – 40%, жүзгін – 30% және томирикс — 30%) өсімдіктер өсіріледі.