Сіздерді Қазақстанның Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын.Біздің кәсіподақтардың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі бұл — еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады.Сіздер әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту бойынша үлкен және тиімді жұмыс жүргізіп, кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін нақты жақсартуда аянбай еңбек етіп келесіздер. Сізге алдағы уақытта да белсенді өмір позициясын, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті сәтті ұйымдастыруға тілектеспін. Еңбегіңізге толағай табыс, амандық және өркендеу тілеймін!Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі нығая берсін!
Ізгі ниетпен,»Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев