Ағымдағы жылдың 14-ші ақпанында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады.
Батыс және солтүстік өңірлерде қалың қар жауып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, түнде көктайғақ болады деп күтілуде.
Батыстан соққан жел орталық Қазақстан арқылы республиканың шығысына ауысады.
Құрметті жүргізушілер!
Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат «Sapar» мобильді қосымшасында қолжетімді, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді.
Қазавтожол АҚ баспасөз қызметі