2021 жылдың 5 қазанында сағат 15:30 Шымкент қаласында жер қатынастары, сәулет қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар салаларында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ» өткізіледі.
Жәрмеңке барысында жоғарыда аталған салалар бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртіптерін тиісті мемлекеттік мекемелердің мамандары егжей-тегжейін түсіндіретін болады.
Сонымен қатар, фейсбук парақшасы қолданушыларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сұрақтары тікелей эфирдегі пікірлер бөлімінде қабылданып, жауап берілетін болады.
Жәрмеңкеге фейсбук парақшасы арқылы facebook.com/qyzmet.shym.kz сілтемесі бойынша қатыса аласыздар.
Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.
ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті