Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі . Осы тұста халықтың құқықтық санасы мен құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Қазіргі таңда қоғамда халықтың өз құқықтарын жете білуі маңызды. Елімізде адам құқықтарының бұзылатын жағдайлар халықтың өз құқықтарын жете білмеуінен орын алып жатады. Құқықтық сауатты арттырмай, заңбұзушылық қайталана береді. Әділетті қоғам орнатудың басты алғышарты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Халықты құқықтық сауаттандыру, олардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін құқық қорғау органдарымен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Осы ретте «Адал көмек» жобасы аясында азаматтарға тұрғын үй және жер саласына қатысты кеңестер берілді.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен өткен кезекті іс-шара Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінде» тұрғын үй және жер салаларындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелеріне құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.
Тұрғындарға құқықтық кеңес беру шарасында Департаментпен бірлесіп, Түркістан қаласы әкім аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы /жылжымайтын мүлік, кадастр бойынша/, Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі және тұрғын үй инспекциясының өкілдері қатысты.
Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері зейнеткер ретінде тұрғын үй кезегіне тұру, мүгедектігіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үйіне мемлекеттік акті алу және тұрғын үй салу үшін жер алу мәселелеріне қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді.
Іс — шараға келген азаматтарға мамандармен заң асында құқықтық кеңестер және бірқатар азаматтарға тұрғын үй алу үшін тұрған кезегінің реттік нөмірі туралы мәліметтер берілді. Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Сонда ғана мемлекеттің құқықтық мәдениетті артып, халықтың құқықтық санасы толық қалыптасады. Азаматтары заңмен қорғалған елде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір азаматтың заңды құқығын білгені абзал.