Қазіргі таңда қоғамда халықтың өз құқықтарын жете білуі маңызды.
Бүгін Шымкент қаласының прокурорының тапсырмасына сәйкес, “Заң керуені” акциясы аясында Еңбекші ауданының прокуроры, аудан прокурорының орынбасары, Еңбекші ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасары және қалалық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысымен бірлесіп, “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағына барды.
«Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағы (АЭА) – өңірдің тоқыма өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылған еліміздің алғашқы АЭА бірі болып табылады. АЭА 2005 жылы ашылған. Жер көлемі 200 га.
Бүгінгі таңда, осы АЭА аумағында толық тоқыма кластері құрылды, иірілген жіптен дайын тоқыма өніміне дейін өндіріледі.
Жалпы құны 152,97 млрд.теңге болатын 52 жобадан тұрады, олар 5 293 жұмыс орнын құруды көздейді.
Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 53,2 млрд. теңгеге 31 жоба іске асырылып, 2 300 жұмыс орны ашылды.
Еліміздің жеңіл өнеркәсібінің әрбір бесінші өнімі осы АЭА аумағында өндіріледі.
Аталған топ төмендегі осы АЭА аумағында орналасқан кәсіпорындарының басшылығы мен мекеме жұмысшыларымен “еңбек дауларын алдын алу, оларды шешу және жалақы мәселелері” бойынша сондай-ақ, басқада құқықтық, тұрмыстық мәселелер бойынша кездесулер өткізді.
Атап айтқанда:
— «Бал Текстиль» ЖШС-і (2013 жылы ашылған, кілем және кілем бұйымдарының ірі қазақстандық өндірушісі);
— «Әлем БТ» ЖШС-і (2015 жылы ашылған, жалғыз қазақстандық шұлық-шұлық фабрикасы);
— «Назар Текстиль» ЖШС-і (2014 жылы ашылған, кілем және кілем бұйымдарын өндіру фабрикасы);
— «Azala Textile» ЖШС-і (2017 жылы ашылған, еліміздегі жалғыз толық циклді тоқыма фабрикасы);
— «Lux Shoes» ЖШС-і (2018 жылы ашылған, аяқ киім өндіретін отандық кәсіпорын).
Алдағы уақытта бұл топ кесте бойынша ауданда орналасқан барлық ірі, орта, шағын кәсіпорындарының жұмысшыларымен “еңбек дауларын алдын алу, оларды шешу және жалақы мәселелері” бойынша кездесулер өткізеді.