Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында 2022 жылдың 15-18 қараша аралығында пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Пәтер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Учаскелік полиция инспекторлары іс-шара аясында 2 тәулік ішінде 300-ге жуық пәтерді тексерді. Тексеру барысында ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша 1 жайт анықталып тіркелді. Көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетел азаматы ӘҚБтК-нің 517 – бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалға берілетін пәтерлерде тіркеусіз тұрған 98 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 492 – бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай–ақ, 252 қару иесі тексеріліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 7 хаттама толтырылды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасы тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді кеңес береді.
2022 жылғы 09-11 қараша аралығында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» және «Қанғыбас» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізді.
«Құқықтық тәртіп» іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау, есепте тұрған тұлғаларды бақылауды күшейту, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды ұстау.
Іс-шара аясында аудан аумағында учаскелік полиция инспекторлары ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде болу, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер және т.б. жалпы 200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, әкімшілік хаттама толтырлды. Сондай-ақ, 600-ге жуық азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша жайт анықталып тіркелді.
«Қанғыбас» іс-шараның мақсаты – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды жедел және криминалистикалық есепке қою, азаматтардың аталған санатына қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдардың жасалуын болдырмау, оларға қыс мезгілі басталғанға дейін көмек көрсету және әлеуметтік бейімдеу болып табылады.
Іс-шара барысында Еңбекші АПБ-ның Жедел криминалистикалық бөліміне жалпы 50-ге жуық тұлға жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынып, есепке қойылды. 13 тұлғадан ДНК үлгілері алынды.