«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы басталды

Үздік сапалы қызмет

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.

Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы презентация немесе бейнеролик.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған.https://www.gov.kz/…/qyzmet/documents/details/834992…

Құжаттарды қабылдау 05.05 — 15.05.2025ж. бастап жүзеге асырылады.

Құжаттарды жіберу үшін байланыстар: 8 (7252) 53-74-59, 8 7 701 239 85 85

Memgyzmet17@outlook.com