Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі міндеттерінің бірі Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау болып табылады.
Осы ретте, Агенттіктің бастамасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша департаментімен Өңірдің мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдары қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының отырысы өткізілді.
Конкурстың мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлану негіздерін нығайту, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Департамент басшысы, конкурс комиссия төрағасы Қ.Қадырбеков және өңірдің БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. сала өкілдері конкурс комиссиясының мүшелері ретінде қатысты.
Айта кету керек, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы 2 кезеңді қамтиды. Олар Өңірлік кезең және Республикалық кезең.
Үміткерлер «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына 2 номинация бойынша қатысуда:
1) Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші,
2) Сервистік бағдарланған қызмет көрсетуші.
Өңірлік кезеңнен екі номинация бойынша конкурс жеңімпаздары Республикалық деңгейге жіберілетін болады.
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындысы бойынша бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталатын болады
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының отырысы өткізілді
