«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Іс шараға үйлестіру кеңесінің мүшелері мен кәсіподақ активі қатысты.
Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1) «Халық бюджеті 2023» кәсіподақ жобасының қабылдау мерзімінің 2023 жылдың 15 мамыр айына дейін ұзартылуы туралы;
2) ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің 2023 жылға арналған негізгі іс-шараларының кешенді жоспары туралы;
3) Қауіпсіз еңбек жылына орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбекті қорғау және еңбек заңнамалары бойынша семинар оқытулар ұйымдастыру;
Көтерілген мәселелер бойынша сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, кеңес мүшелеріне «Халық бюджеті 2023» кәсіподақ жобасының қабылдау мерзімінің ұзартылғандығын назарларына жеткізе отырып, кәсіподақ жобасын іске асыру мақсатында жобаға қатысу үшін кәсіподақ активіне жәрдем көрсете отырып, сараптамалық ұйымдастыру және бақылау жұмысының құрамына өкілдің кандидатурасын өз мезгілінде беруін тапсырды.
Келесі мәселе бойынша ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің 2023 жылға арналған негізгі іс-шараларының кешенді жоспарына сәйкес, қауіпсіз еңбек жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес мүшелері еңбек қауіпсіздігі жылына орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен техникалық инспекторлардың жұмысын жүйеге келтіру мәселелерін көтерді. Оның ішінде: кәсіподақтарға сенімділікті арттыру, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарының алдын алу, Медиация және Заң клиникасының жұмысын жандандыру мәселері талқыланды.
Сөз соңында Бердіғали Өмірәлі Өзбекстан Республикасы Самарканд облысының Кәсіподақтар кеңесі мен «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ арасындағы келісімін тілге тиек етіп, өзара іс-шаралар жоспарларымен бөлісті.
Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.