Жақында тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» ортылығы ашылады

ұзақ өмір

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұзартуға мотивациясын қалыптастыру және дамыту, егде жастағы азаматтардың бос уақытын және мәдени бос уақытын ұйымдастыру.

Шымкент қаласында бүгінде 93 761 зейнеткер бар. Оның ішінде ҰОС ардагері – 2, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгені – 2 106, тыл еңбеккері — 1 729. Мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек қаржысы 17 528 адамға өз тәртібімен төленіп жатыр.

Биыл шаһардағы 7000 ардагер мен зейнеткерді санаторлық-курорттық емделуіне жолдама беру қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу тәсілімен 5 мың, ал «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешеніне 2 мың зейнеткер қамтылады.

Өткен жылы қаламыздағы ардагерлер шипажайда емделу мерзіміне қатысты ұсыныс айтып, осылайша биылдан бастап, санаторлық-курорттық жолдамалар күні 6-дан 10 күнге ұлғайтылды. Одан бөлек, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» сауықтыру і кешені құрылып, сыйымдылығы бір онкүндікте 70 адамды қамтиды. Орталық жылына зейнет жасындағы 2000 адамға қызмет көрсете алады. Жыл басынан бері 1 308 зейнеткер сауықтыру кешенінен қызмет алды. Демалушыларға 5 мезгіл ыстық тағамдар ұсынылып, сапалы тамақтануы мамандар тарапынан қадағаланады.

Ардагерлерді салауатты өмір салтына бағыттайтын «Белсенді Ұзақ өмір» орталығының 3 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Орталық күніне екі ауысыммен 560 зейнеткерге қызмет көрсетеді. Жуырда тағы бір орталықтың ашылуы жоспарланып отыр.

Басқарманың №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы I,II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға стационарлық жағдайда қызметтер көрсетеді. Орталықтың сыйымдылығы – 70 төсек орын, қазір мекемде 61 қарт қызмет алып жатыр.

Ал, «№7 орталық үй жағджайында әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мекеменің 73 әлеуметтік қызметкері 560 жалғызілікті егде жастағы қарттарға аптасына екі рет үйіне барып қызмет көрсетеді.