Ұлттық құндылық – ел болашағы

Ұлттық құндылық

Отан отбасынан басталады, демек тәрбие-тағылым отбасынан берілетін ұлттық құндылық. Қазіргі заманда жас ұрпақтың бо­йына қайырымдылықтың, ізгіліктің дә­нін сепсек деп ойлаймыз. Шындығында, жас ұрпақты әдеп­ті де саналы, арлы да абыройлы етіп тәр­­биелеу үшін ең алдымен тәр­бие ере­же­­ле­­ріне тірек арта отырып, ұлт­тық дәс­түрі­мізді, әдет-ғұрпымызды, дәс­түр­­лі діні­мізді, ата-бабаларымыздан қал­­ған мұ­раларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет. Ел болашағын туған жерді, Отанын сүйіп, оны қасық қа­ны қалғанша қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адам­гер­­шілік сананы қалыптастыру –әр отбасы мен азаматтарының міндеті.

Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы білімге, мәдениетке және ұлттық тәрбиеге байланысты.

Ал оның бар­лығы ұлттық тәрбиемізден бастау алатынын кейде естен шығарып жатамыз.

Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады, дегенмен мұнан кейін балабақшаның да рөлі зор. Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр, ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт-дәстүрді, мәдениет пен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі.

Бала асық ату, бәйге, көкпар, теңге алу, аударыспақ т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет.

Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт–дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Осыған орай, жас бүлдіршіндерімізге бос уақыттарында отандық мультфильмдер көрсету арқылы атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге – құрмет, кішіге — ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі.