Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан – Жарқын Болашақтың Кепілі

Әділетті

«Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз.

Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті. Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз. Мемлекеттіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты» — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында.

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан” тұжырымдамасы елдің болашақ даму бағытын айқындайды.

Әділеттілік – заң үстемдігі мен тең мүмкіндік, қауіпсіздік – қоғамдық тәртіп пен ұлттық мүддені қорғау, тазалық – экология мен адалдық, ал қуаттылық – экономикалық серпіліс пен тұрақты даму дегенді білдіреді. Бұл қағидалар – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Осы ұстанымдар негізінде Қазақстан дамыған, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналмақ. Бұл – ел болашағының берік негізі.
“Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан” – бұл жай ғана саяси ұран емес, ел болашағын айқындайтын ұлттық идея. Бұл қағидалар мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Әділеттілік – құқықтарыңның қорғалуы, қауіпсіздік – ертеңгі күнге деген сенім, тазалық – адалдық пен табиғатқа жанашырлық, ал қуаттылық – экономикалық өрлеу мен тұрақты болашақ.

Еліміздің дамуы осы төрт қағиданы ұстану арқылы жүзеге аспақ. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын берік жол.

Ntime.kz АА Бас редакторы Жайлыбаева Жибек