Қарасу ауылдық округіне қарасты, Әйтеке би ауылы, Жаңақұрылыс көшесінің тұрғындары аудан әкімі А. Сәбитовтың жеке қабылдауында болып, ауылға жаңадан жүргізілген жарық, су, газ жүйелерін ертерек қабылдап, жарылған құбырларды қалпына келтіріп беруді сұраған болатын.
Бұл бойынша аудан әкімі А. Сәбитов жауапты бөлім басшыларына құбырларды тексеріп, инфрақұрылым жүйелерін қараша айына дейін қабылдау жөнінде тапсырма берді. Осыған сәйкес, аталған аймақта ауыз су құбырларын ретке келтіру жұмыстары жүруде.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі