Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ішінара өзгерту бойынша әкімшілік кедергілер жасау фактісін анықтады.
Бизнестің дамуына кедергілер Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің арыз — шағымдарын қарау барысында белгілі болды.
Кәсіпкер аудан әкімдігіне бірнеше рет жолдаған өтініштері заңнамаға сәйкес іске асырылмай қалуы себебінен өтініш беруге мәжбүр болған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тікелей араласуымен Ордабасы ауданының әкімдігі балық шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесінің мақсатын ауыстыру туралы қаулы шығарды.
Осылайша, аудан әкімдігі адал бизнесті жүргізуге бірнеше рет негізсіз түрде кедергілер жасаған.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 -𝟭𝟰𝟮𝟰