Әкімшілік кодекстің бірден 6 бабымен Шымкентте үш шетелдік көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерде бақылау жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің қызметкерлері мегаполис көшелерінің бірінде үш «Toyota Camry-70» автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, олардың бірі мылтықтан ауаға оқ атқан бейнені анықтады.
Бұл жазбаға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел бөлімшелер қызығушылық танытты. Нәтижесінде барлық құқық бұзушылар анықталды. Олар жергілікті тұрғындар. Жүргізушілерге қатысты тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды: «сақтандыруды бұзу», » көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану, авариялық дабылды қолдану қағидаларын бұзуы» және «көлік құралына арнайы жарық және дыбыстық сигналдарды беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу». Үш «Toyota Camry-70» көлігі айып тұрағына қамалды. Жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілердің бірінен ПМ тапаншасын тәркіледі. Сондай-ақ, ер адам бұрын дүкеннен тапанша сатып алғаны анықталды, бірақ ол полицияға тіркелмеген. Оған қатысты полицейлер қосымша бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің «Тыныштықты бұзу” және «жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша іс жүргізді.
Шымкент қаласының полиция департаменты жол-көлік қозғалысына қатысушылардың барлығын Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және де қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.