Әкімшілік іс жүргізуде бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау

Елордалық прокуратура кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту тәжірибесіне талдау жүргізді.

Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімінің өтуіне және құқық бұзушылық құрамының болмауына қарамастан, әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналарын аудармағаны үшін кәсіпкерлерді негізсіз жауапкершілікке тартқаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша жауапқа тарту туралы қаулылар бұзылып, 31 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Астана қаласының прокуратурасы



Be the first to comment on "Әкімшілік іс жүргізуде бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*