Әкімшілік іс жүргізуде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау

Елордалық прокуратура талдау барысында кәмелетке томағандарға қатысты істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі талаптарының бұзылу фактілерін анықтады.

Жауаптылыққа тарту ескіру мерзiмінің өтіп кеткеніне қарамастан, 13 кәмелетке толмағандар заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

11 кәмелетке толмағандарға қатысты баптың санкциясында белгіленген мөлшерден асатын айыппұлдар қолданылған (яғни 10 айлық есептік көрсеткіштен жоғары айыппұл тағайындалған).

18 жасқа толмаған тұлғалар құқық бұзушылықтар бойынша субъектілер тек олардың ата-аналары мен оларды алмастыратын тұлғалар болып табылатынына қарамастан, әкімшілік жауаптылыққа тартылған (ӘҚБтК 440-бабы 2-бөлігі).

Прокуратураның наразылықтары бойынша кәмелетке толмағандарды жауаптылыққа тарту туралы уәкілетті органдардың заңсыз қаулылары бұзылып, құқыққа қарсы тәжірибе тоқтатылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзуға жол берген кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы