Бүгін «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев пен «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова бірлесіп жұмыс жасау үшін өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.Осы келісімге сәйкес, алдағы уақытта кәсіподақ ұйымы құрылған мекемелерде медиацияны дамыту және жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы дауды шешудің басқа да баламалы әдістерін реттеу, еңбек дауларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын қарастырады. Сондай-ақ, мемарандум «Татуласу орталығының», «Заң клиникасының» жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесіп, кәсіби заңгерлердің кәсіподақ мүшелеріне жүйелі түрде құқықтық көмек көрсетуін көздейді.Өткен жылға тоқталып кетсек, 2021 жылы «Татуласу орталығында» жалпы 91 адамға тегін кеңес берілді. Оның ішінде 35-і еңбек дауы, ал 35-і әлеуметтік даулар бойынша. Оң шешімін тапқандары – 74, бітімгершілікпен сәтті аяқталғаны – 19, құқықтық кеңес алғаны – 18, психологиялық көмек алғаны – 17. Келіп түскен даулар бойынша 62 келісім жасалды. Сонымен бірге, Кәсіподақтар бірлестігі ғимаратында жұмыс істейтін «Заң клиникасында» 28 кәсіподақ мүшесі түрлі құқықтық көмек алды.
Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы