Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді

Өзбекстанға

Президенттер Өзбекстан өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады.

Павильондарда арнаулы техника, электр техникалық жабдықтар үлгілері, бау-бақша шаруашылығының селекциялық жетістіктері, тоқыма, химия, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері, жібек, тері және зергерлік бұйымдар көрмеге қойылған.

Президенттер шекаралас облыстар аумағында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар кластерін құрудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Арал теңізінің табанына сексеуіл егіп, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бірлескен күш-жігер жұмсау қажет екеніне назар аударды.

Akorda.kz