Сайрам ауданында өзге ұлттар арасында қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке арттыру мақсатында Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты аудандық байқауы өткізілді.
Ұйымдастырылған байқауға ауданымыздан 13 үміткер қатысып бақ сынады.
Байқау үш кезеңнен тұрды.
1. Абай өлеңдерін жатқа оқу кемі – 3 өлең.
2. Абай қара сөзінен бір қара сөз жатқа толық оқу, оның мағынасын өз сөзімен түсіндіру.
3. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.
Байқауға Түркістан облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Исатай Гүлмира Асқарқызы, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессоры, философия ғылымының кандитаты Файзулла Гүлназ Файзуллақызы, аудандық білім бөлімінің қазақ тілі әдіскері Шонтукова Меруерт Қуанышқызы қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Джалиева Севара Корганбаевна, І орынды М.Мақатаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Рахматуллаева Айдын Тахировна, ІІ орынды Далабазар жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Юсупова Равшанай, ІІІ орынды Д.Қонаев атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Исраилова Клара Абдуғаниқызы. «Қара сөз шебері» номинациясымен Әл-Фараби атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Файзуллаева Дурдона Хаятуллаевна, «Талантты қатысушы» номинациясымен №104 НОМ-нің мұғалімі Юнусметова Наргиза Абдикахарровна, «Мәңерлеп оқушы» номинациясымен №7 Бабыр жалпы білім береті мектебінің мұғалімі Эргешова Малика Учкуновна ие болды. Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.