Демалыс күндері 15-16 шілде аралығында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндіру бөлімдері 36 рет жану оқиғаларына шықты. Басым көпшілік жағдайда құрғақ шөп пен қоқыстар жанған.
Құрметті қала тұрғындары! Қала аумағында 17-18 шілде аралығында жоғары өрт қауіпті жағдай сақталынуда.
Шымкент қаласы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді:
— ешқандай жағдайда құрғақ шөпті өртемеңіз;
— саяжай учаскелерінде қоқыс пен қалдықтарды тек арнайы жабдықталған жерлерде жағыңыз;
— желді және қатты ысыған ауа райы кезінде қоқыс жағуға, от жағуға тыйым салынады;
— шымтезек топырақтарында және ағаш ғимараттардың жанында от жағуға болмайды. Есіңізде болсын, от жағу үшін қауіпсіз қашықтық 50 метр болып саналады.
— балаларға сіріңкемен ойнауға, оларға шөпті жағуға жол бермеңіз.
Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, қоқысты өртегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.