Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық №3 емханасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, ақпараттық жүйелерінің үзіліссіз жұмыс жасауына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына арналған Қоғамдық бақылау жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға қоғам өкілі ретінде қоғам белсендісі республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Жұмыс барысында:мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.
Осылайша, емханада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлгілері ілінбегендігі анықталды.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері аталған үлгілерді ілу, қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізді.
Нәтижесінде, жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлгілері емханадан орын алды.
Сонымен қатар, бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сондай-ақ, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.