Түркістан облысында 18 шілде күні ресми жұмысын бастаған » 109″ Бірыңғай байланыс орталығы бір ай ішінде 7036 өтінім келіп түскен. Оның 95 пайызды шешімін тапқан болса, қалған 5 пайызы жұмыс үстінде. Осы ретте Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасың басшысы Елнұр Өтебаев мерзімінен кеш орындаған бөлімдерге ескерту беріп, жүйелі жұмыс жүргізіп, тұрғындар өтінімін назарға алуды тапсырды.
Жалпы тұрғындардан түсетін шағымдардың басым бөлігі жарық, жылу, газ, жол және тазалық мәселесін қамтиды. Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық #АшықӘкімдік, #ХалықтықӘкімдік тұжырымдамаларына сай іске асқан.
109-Бірыңғай байланыс орталығына облыс тұрғындары қысқа 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Whatsapp (+77011313109) желісі; Instagram (@turk.obl_109); Facebook (байланыс орталығы) және «Aikey» мобильді қосымшасы арқылы өтінім тастау мүмкіндігі бар.
Ntime.kz