Түркістан қаласында  20 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

20 қабатты

Бүгінгі таңда еліміздің экономикасындағы маңызды саясаттың бірі әлеуметтік саладағы саясат. Өйткені әлеуметтік мәселе адамдардың тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты.Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттік басқаруда аса маңызды орын алады.  Әлеуметтік саясаттың бір тармағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Түркістан облысында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Облыс орталығында тұрғын үй кешендерінің саны артып келеді. Бүгінгі таңда Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 190 пәтерден тұратын 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Тұрғын үйге осы жылдың қазан айында Түркістан облысы аумағында тұратын, тұрғын үй кезегінде тұрған, «Отбасы банк» АҚ-ның салымшылары тарапынан конкурсқа өтінімдер қабылданады.

Тұрғын үйдің барлық пәтері – 2 бөлмелі, 65-80 шаршы метр. Мердігер мекеме – «Inter Construction» ЖШС.