Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти Ершат Ағыбайұлы айтты.
Исламның бес парызының бірі болған қажылық құлшылығы – Алланың құлдарына берген жақсылықтарға толы зор мүмкіншілігі.
Әр жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти бастаған делегациясы мен Сауд Арабияның Қажылық және ұмра министрлігі арасында келісім-шарт жасалып, қажылық орындары алынады.
Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға бөлген қажылық орындарын Республикалық ислами діни бірлестік болған соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ғана береді.
2024 жылы ресми 17 турфирма қажылыққа ниет еткен жамағатқа қызмет көрсетеді. Осы 17 қажылық турфирманың атауы мешіттердегі ақпарат тақтайшаларына ілінеді. Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Нұр-Қазақстан» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова и К» ТС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС.
Демек, конкурстан өткен 17 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.
Аталмыш туроператорларға 20 желтоқсанға дейін азаматтардың қажылық орындарын брондап және осы туроператордың біріне тіркелуін жан-жақты насихаттау қажеттігі тапсырылды.