2024 жылы Яндекстен нөмірді автоматты анықтаушы (НАА) Қазақстанда бейтаныс нөмірлерден 35,7 млн қоңырауды өңдеді. Оның 15,58 млн-ы қажетсіз, соның ішінде алаяқтық қоңыраулар болған. 2023 жылмен салыстырғанда олардың саны 33% — ға артып, жалпы санынан 43,65 % -ын құрады.
Яндекстен нөмірді анықтаушы мұндай қажетсіз қоңырауларды автоматты түрде бұғаттауға мүмкіндік береді. Бір жыл ішінде пайдаланушыларға жауап беруге тура келмеген қоңыраулар саны 2,2 миллионнан асты.
Бір жыл ішінде қажетсіз қоңыраулардың ең көп өсуі алаяқтардың қоңырауларына (84,3%-ы), банктік қызметтерді ұсынумен (68% — ы) және байланыс операторларының қызметтерін ұсынумен (35% -ы) келді. Бұл ретте қаржылық қызметтер мен сақтандыру қызметтері туралы қоңыраулар саны айтарлықтай азайды (тиісінше 56% және 40% — ға).
Қазақстанда бір жыл ішінде НАА мессенджерлерде бейтаныс нөмірлерден 255 мыңға жуық қоңырауды өңдеді. Олардың 8 мыңын пайдаланушылар «қажетсіз» деп атап өтті.
Нөмірді автоматты анықтаушы Яндекс қосымшасында Алисамен бірге қолжетімді. Ол пайдаланушыларды белгісіз нөмірлерден келетін қоңыраулардан қорғайды, қажетсіз және алаяқтық қоңырауларды бұғаттайды және пайдалы қоңыраулар – мысалы, клиникадан немесе жеткізу қызметінен келген қоңыраулар туралы хабарлайды. Нөмірді анықтайтын мәліметтер базасында ондаған миллион нөмірлер бар және үнемі жаңартылып отырады. Қорғау мессенджерлердегі қоңыраулары үшін де жұмыс істейді.
Madina Mussayeva