«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде қарыздан жалтарған 3 азаматты тоқтатты.
Оның ішінде, «Toyota Highlander» маркалы автокөлігін тізгіндеген ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 8 млн 700 мың теңге қарызы болса, «Toyota Camry 40» темір тұлпарының жүргізушісі 8 млн теңге берешекке батқан.
Ал, «Mitsubishi Montero» көлігінің иесінде 5 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені анықталды.
Жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы қатаң ескертілді. Ал, көліктері “Арғымақ” айып тұрағына қамалды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана автокөлігін ала алады.