Women in Tech Kazakhstan қоғамдастығы EPAM Kazakhstan, Skills Enbek, Darlean, Satbayev University және AI Geeks қолдауымен AI for Her Business тегін онлайн-бағдарламасына тіркелу басталғанын хабарлайды. Тіркелу 2026 жылғы 7 сәуірде ашылады. Бұл жасанды интеллектіні бизнес-процестер мен күнделікті жұмысқа практикалық түрде енгізуге арналған білім беру жобасы. Бағдарлама барлық ниет білдірушілерге, соның ішінде ер адамдарға да ашық және кәсіпкерлерге, топ-менеджерлерге, салалық мамандарға бағытталған.
Жоба өткен жылы 4000-нан астам өтінім жинаған «AI for Her» бастамасының жалғасы болып табылады. Курс қорытындысы бойынша 1000-нан астам әйел оқуды аяқтап, сертификат алды. Бағдарлама қоғамдастық еріктілері мен жоба серіктестерінің күшімен жүзеге асырылады және өзекті технологияларға қолжетімділік бере отырып, цифрлық алшақтықты азайтуға арналған.
Мадина Дусмагамбетова, Women in Tech Kazakhstan-ныңWomen in Innovations and AI бағытының жетекшісі:
«Жасанды интеллект бүгінде — бұл жай ғана тренд емес, бәсекеге қабілеттіліктің міндетті құралы. Биыл біз бағдарламаны кеңейтіп, жобаларды басқару және бизнес-процестерді автоматтандыру модульдерін қостық. Біздің мақсатымыз — қатысушыларға жұмыс тиімділігі мен жеке өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретін, AI-шешімдерді өз жұмысына енгізуге көмектесетін қолданбалы дағдыларды беру».
2026 жылғы бағдарламаның жаңалығы неде?
Биылғы бағдарлама айтарлықтай кеңейтілді. Негізгі назар соңғы жылдары нарықта пайда болған жаңа құралдарды практикалық қолдануға аударылған. Қатысушыларды келесі тақырыптарды қамтитын 14 бейнесабақ күтеді:
- Маркетингті автоматтандыру және контент генерациялау;
- AI-ассистенттерді жасау және чат-боттарды енгізу;
- Нейрожелілер көмегімен сайттарды іске қосу және PR-ды дамыту;
- AI көмегімен жобалар мен процестерді басқару;
- n8n low-code платформасымен жұмыс және т.б.
Бағдарлама бейнедәрістерді, практикалық тапсырмаларды және тесттерді қамтиды. Оқу соңында, мамыр айында, Алматыда воркшоптары бар офлайн-митап өтеді, онда қатысушылар алған дағдыларын нақты кейстерде қолданып, кәсіби байланыстар желісін кеңейте алады.
Курс туралы:
- Кімдер үшін: кәсіпкерлер, мамандар және топ-менеджерлер
- Құны: тегін
- Оқыту тілі: қазақша, орысша
- Тіркелу: 2026 жылғы 7–17 сәуір аралығында
- Оқудың басталуы: 17 сәуір 2026 жыл
Барлық модульдерден өткеннен кейін қатысушылар сертификаттар алып, кәсіби қоғамдастыққа жолдама алады.
Тіркелу сілтеме бойынша ашық: https://qazaqitcom.kz/kz/events/ai-for-her-business-online-course-how-to-implement-artificial-intelligence-in-business-and-grow-25x-faster
Айгерим Байготанова
