Биыл «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада https://batyrlargatagzym.el.kz өтеді. Ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді.
9 мамырға жоспарланған республикалық онлайн-шеруге барлық түркістандық тұрғындар қосыла алады.
Аталған сайтта орналасқан деректер базасы — соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімін мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс. База онлайн режимде толықтырылып, «Ер есімі – ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады.
Сонымен қатар, деректер базасын толықтыруға әрбір қолданушы қатыса алады. Ол үшін оқырман майдан даласына аттанған ата-бабасы туралы деректерді batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп немесе мына электронды поштаға жолдауы қажет: elimai2012@gmail.com
Жолданған ардагерлер туралы ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсетуі керек. Сонымен қатар, фотосуреті де тіркелуі қажет.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде онлайн-акция өткізуде мұндай тәжірибе әуелден бар. 2020-2021 жылдары карантиндік шектеулер кезінде аталған акция онлайн форматта өткен болатын. Қала тұрғындары оған белсенді қатыса отырып, платформа игілігін кеңінен қолданды.