Түркістан облысының Полиция департаментінде Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Түркістан облысының Әділет департаментінің, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, бұдан бөлек Түркістан облысының әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық, әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында пилоттық жобаны жүзеге асыру жайында жиын өтті.Шара барысында Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Балжан Алипбек отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық көмек көрсету жайында баяндады.Әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау біздің еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекет отбасын, оның ұйымдастырылуы мен беделін мемлекет пен халықтың өркендеуі үшін таптырмас әлеуметтік тәртіптің қажетті негізі ретінде қорғауға кепіл береді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлді және оның құрбандарына қолдау көрсету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Сондай ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде отырысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету қажеттілігін баса айтқан болатын. Бүгінгі күні Президенттің осы бастамасын іске асыру шет елдер қабылдайтын кешенді шаралардан кем болмайтын және еліміздің азаматтарының игілігіне қызмет ететін мемлекеттік шаралардың бірегейі болуы қажет.Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетудің оң тәжірибесін Оңтүстік Кореяда сәтті қолдануда. Мұнда зардап шеккен әйелдер мен балаларға арнайы құрылған Орталықтарда әртүрлі мамандар кешенді көмек көрсетеді (медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық). Осы тапсырманы іске асыру мақсатында жұмыс істеп тұрған дағдарыс орталықтарының базасында, еліміздің өңірлерінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсету орталықтарын ашу жөнінде Министрлікпен бастамашылық жасалды.Айта кету керек, қазіргі уақытта Республикамызда жергілікті бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың есебінен қаржыланатын 49 әртүрлі дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, оның көпшілігі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін қызмет етеді, оның ішінде 39 баспаналарымен бірге. Жоғарыда аталған пилоттық жоба аясында тиісті комиссия мүшелері құрылды. Комиссия мүшелері құрамында Түркістан облысының Әділет департаментінің өкілі де бар. Пилоттық жоба аясында құрылған комиссия мүшелері отбасылық- тұрмыстық, зорлық-зомбылық көрген азаматтарға құқықтық көмек көрсетпек.
Түркістан облысының Әділет департаменті