«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің барлық облысында жоспарға сай орындалуда. Мемлекеттік бағдарлама негізінде Түркістан қаласында «SMART CITY» жобасы қолға алынған болатын. Аталмыш бағдарлама негізінде қандай жұмыстар атқарылуда? Киелі шаһардағы бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың деңгейі қалай? Мамандар пікіріне, назар аударайық.
«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Түркістанда 8 негізгі бағыт бойынша іске асырылуда. Олар:
• Білім беру
• денсаулық сақтау
• әлеуметтік сала
• қаланы басқару
• қауіпсіздік
• көлік
• ТКШ(ЖКХ)
• құрылыс
Түркістан облысы 2018 жылы құрылған соң, «Ақылды қалалар» бойынша Түркістан қаласын цифрландыру 2019 жылдың екінші жартыжылдығынан басталған болатын.
Осындай қысқа мерзімде айтарлықтай жетістіктер мен нәтижелер бар. Қазіргі таңға дейін негізгі 48 бастаманың 25-і іске асырылды (52%), 19-ы жұмыс барысында (40%), 4-і әлі орындалмаған (8%).
Тарқатар болсақ, орындалған бағыттардың көрсеткіші келесідей:
• қауіпсіздік-7 (22,7%)
• денсаулық-6 (77,1%)
• білім-6 (100%)
• ТКШ-13 (22,7%)
• көлік-12 (35%)
• экология-5 (25%)
• әлеуметтік сала-3 (77,2%)
• қаланы басқару-11 (97,1%)
• бизнес және туризм-13 (23,8%)
• құрылыс-2 (100%)
• АКТ-13 (69,3%)
Сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығы бойынша өнімдердің шекті бағаларының мониторингі, Covid-19 жұқтырған және байланысқан адамдарды бақылау, әлеуметтік және эконмикалық жағдайларды болжау, үлкен деректер негізінде шешім қабылдауды қолдау, интеграциялық модуль және төтенше жағдайларды болжау бағыттарында да жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Жоспар бойынша 2022 жылы “Қазақтелеком” АҚ-мен бірлесіп Түркістан қаласына Smart city элементтерін енгізу жұмыстары басталды.
Ntime.kz