Еліміздегі қылмыстық жаза жеңілдейді ме?

Елімізде ауыр қылмыстарға өлім жазасы енгізілмек түгілі, кейбір құқықбұзушылықтарға жаза тағайындау жеңілдемекші. Бұл туралы ҚР Парламенті сенатының депутаттары Шымкент қалалық сотына барған кезде мәлімдеді. Татуласу орталығының жұмысымен танысу үшін келген халық қалаулылары медиаторлардың мәселесін тыңдап қайтты. Сонымен, елімізді алда нендей өзгерістер күтіп тұр. Қылмыстық жазаны ізгілендіру не береді бізге? 
         Шымкент қалалық сотына келген сенаторлар әуелі тарихпен танысып шықты. Мұражайға кіріп, атқарылған жұмыстарды көрді. Медиаторлармен тілдесудегі мақсат – бітімгерлікпен дауды көбірек шешуді қолға алу, жолға қою болып отыр. Қылмыстың салдарымен ғана емес, себебімен күресу, алдын алу мәселелері талқыланды. Сенаторлар Шымкент қаласына ғана келіп отыр. Медиация тәсілімен сотқа жеткізбей дауды шешу мәселесін талқылады. Қазіргі таңда ұсақ-түйек, жол апаттары секілді заңбұзушылықтарды сотқа сүйрей бермей, өзара татуластыру арқылы әрі қаражат үнемдеуге болады, әрі екі тарапқа да тиімді. Делегаттар медиация институтының дамуы туралы талқылады. 
         Құқық қорғау саласында заңбұзушылықтарға тағайындалатын жазаны ізгілендірудің тиімділігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Қазақстанда заң қатаңдатылған кезде статистика кері кетудің орнына, көбейген. Ал жеңіл жазаның арқасында жауапкерді түзету әлдеқайда оңай екен. Бірақ бұл баптардың ауыр қылмыстарға қатысы жоқ. Депутаттардың айтуынша, зорлау, қорлау, кісі өлтіру секілді аса ауыр қылмыстарға жаза керісінде қатаңдай түсетін болады. Сонымен қатар, мұндай баппен сотталған азаматтар шартты түрде мерзімінен бұрын босай алмауы керек.

         Айта кетейік, Мәжіліс «Қылмыстық ко­декс­ке өлім жазасы мәселесі бойынша өзгерістер мен то­­­­л­ықтыру енгізу туралы» заң жобасын 2021 жыл­ғы 13 қа­занда мақұл­дады. Ал Пре­­зиденттің қол қоюына жолданып жат­қан қа­­зіргі соңғы нұсқасы одан өзге­ше­ленеді. Бірін­шіден, заң жобасының атауы өз­­­­герді. Енді ол «Кейбір заңнамалық актілерге өлім жазасын жою мә­селесі бойынша өзгерістер мен толықтыру ен­гізу туралы» деп аталады. Екіншіден, заң жобасының Үкімет енгізген бас­тапқы нұсқасы тек Қылмыстық кодекске өзгерістер ен­гізеді: өлім жазасы оның 13 бабынан алып тас­талды. Енді соңғы нұсқасында өлім жазасы елдегі бар­лық заңнан түп-тамырымен жойылып отыр. Яғни, ұлттық заңнамада өлім жазасы деген ұғымның өзі қалмайды.

Ntime.kz