Зорлық – зомбылыққа жол жоқ

Шымкентте «Отбасындағы зорлық зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүзеге асырылуда. Игі шара аясында мегаполисіміздегі жоғарғы оқу орындарының студенттермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жоба қаламыздың ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың мұрындық болуымен өтті.

         Отбасындағы кикілжің «Бас жарылса-бөркі ішінде, қол сынса жең ішінде» деген мақалға дөп келеді. Дегенмен қоғамда тұрмыстық айқай-шу жиі ұшырасатыны ақиқат. Әйткенмен жағдай әралуан болуы бек мүмкін. Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, қоғамда зардап шеккен тұлға өз ортасынан оқшауланып, тұйықталуы өзін ешкімге керексіз сезінуінің ықтималдылығы жоғары. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін бүгінде елімізде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бұл бастама қаламызда да назардан тыс қалмай ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың тапсырмасымен қолға алынды.

         Есірткі — қоғам дерті. Ауруды тез арада ауыздықтап, алдын алмаса денеге дендеп кететіні секілді, нашақорлық та жастарды түп тамырымен жалмайын жазымыш екені мәлім. Бүгінде қаламыздағы ПД-мен атқарылған жұмыстар негізінде есірткі таралуы жиілеген. Бұл жайында Шымкент қаласы полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Бауыржан Қарабеков мәлімдеді. Оның айтуынша ағымдағы жылдың өндіріспен аяқталған 200-ден астам қылмыстық істердің 4/1-і жастардың қолымен істелген құқық бұзушылықтар екенін айтады.

         Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы бірінші қыркүйектегі жолдауында «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр… қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.»-деп, қоғамдағы келеңсіз жағдайға алып келетін әрекеттермен күресу қажеттігін нұсқаған болатын. Осы орайда мегаполисіміздегі Қаратау ауданы да мұндай маңызды істен кенде қалмай,зиялы қауым өкілдерін жиып,семинар өткізді.Онда жалпы жанұядағы құндылықтар, тұрмыстық әлімжеттік әректтерімен күресу, әйел көшбасшылығы, бала тәрбиесі сынды маңызды мәселелер талқыланды.

         Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің туындауының басты себебі жанұядағы ата-ана рөлінің төмендігі, бала тәрбиесіне жүйелі көңіл бөлінбеуі, алькаголь өніміне деген тәуелділік, жұмыссыздық сынды бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер қатары қамтылады. Аталған тізбені тізбектей берсек ертелі кеш тауысып біте алмаспыз. Дегенмен келеңсіз оқиға орын алмас үшін алдын алу шараларының жүргізілуі маңызды дейді Қаратау аудандық аналар кеңесінің төрайымы Зүлфия Бекмұрзаева.

Ntime.kz