Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Деструктивті діни ағым немесе ұйым — бұл өз ізбасарларының сана-сезімі мен еркіне толық бақылау орнатуға тырысатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым.
«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» және «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Жастарға отбасы құндылығы бойынша және бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Аталмыш шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдаулет Аманкелді, Абай атындағы №7 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Баймаханбет Камшат Төлебайқызы, Жастар ресурстық орталығының мамандары Қыпшақбаев Рауан Мұхитұлы, Әлім Арайлым Ерланқызы және М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.