Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Осы бір түсінікті қоғам санасына сіңдіріп, иммунитет қалыптастыру міндет. Осы жолда бірге әрекет етейік, бірге күресейік.
Дана халқымыздың «Ұрлық түбі – қорлық» мақалдың мағынасы тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Себебі осы дерттің түбі қорлыққа алып келеді. Яғни өз өміріне, болшағына балта шабу деген сөз. Бұл дерттен арылу мақсатында түрлі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шаралар іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып саналады. Осы кезде Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында М.Сапарбаев институтының «Парасат колледжі» қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметкерлерге студенттер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.