Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де өзекті міндет болып табылады. Осыған байланысты , «Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға квазимемлекеттік және сектор ұйымдарында корпоративтік стандарттарды сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер институтын іске асыру бойынша өзгерістер енгізілді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Осы тұста Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Бекбосынов Ермек Төленұлы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздегі білім саласының сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беруге бейім екендігі ескеріліп, оның алдын алу, азаматтар мен білім алушылар тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды. Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру болып табылады..