Құқықтық мемлекетті қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесімен тығыз байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметші халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімін арттыру мақсатында қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.«Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақтылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді.
Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады, Халықтың сенімін сақтау өте маңызды. Ағымдағы жылдың 22-қараша күні Халықтық кеңседе Түркістан облыстық әділет департаменті мен адвокаттар алқасымен бірлескен азаматтарға құқықтық кеңес беру мақсатында Түркістан қаласында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға келушілерге мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде алимент өндіріп алу, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға құқықтық кеңес, бағыт бағдар берілді.
Халыққа мұндай тегін құқықтық кеңестер беруді алдағы уақытта өткізу жоспарлануда. Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.