Шымкент қаласының ТЖ департаменті орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық, рейдтік іс-шараларын, халық, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын сәуір айынан бастап жүргізуде.Нәтижесінде жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрттер тіркелмеген. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы баяндады. Қазгидрометтің мәліметі бойынша екінші тоқсанда ауа температурасы оңтүстік өңірлерде +30ºС градусқа дейін көтеріліп, жауын-шашын мөлшері де нормадан төмен болатындығы болжам жасалынды. Елдімекен аумақтарындағы құрғақ шөп өрттерінің салдары тұрғын алқаптарға өтіп жатқаны ерекше назар аударуды қажет етеді. Қала аумағындағы мамыр айының мереке және демалыс күндері өрт сөндіру бөлімдері құрғақ шөптің жану оқиғаларына жалпы 25 рет шыққан. Орман-дала өрттерін жедел сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар қала аумағында өрт қауіпті кезеңде 42 ерікті өртке қарсы құралымдар құрған, жеке құрамында 405 адам, 69 бірлік бейімделген техника және 14 бірлік мотопомпасы бар. Шымкент қ.ТЖД-да жоғары өтімді 24 бірлік техника және 100 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілген. Қала аумағында егістік алқабы 17 210,2 га құрайтын 59 шаруа қожалықтары, жалпы ауданы 5 мың 770 га құрайтын «Жасыл Белдеу» және «Бадам» 2 орман шаруашылығы бар. Орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын 53 км және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2, сондай-ақ орман алқаптарында 456 км, 320,2 км егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілуде. ТЖ департаменті табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады:- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер;- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер;- шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер;- табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.