Түркістан қаласында ағынды суларды тазарту деңгейін 100%-ға жеткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласының халқы кәріз жүйелерімен қамтылып, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың санитарлық және экологиялық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Биыл су бұру саласында нысандардың құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен тиісті қаржы бөлінді. Түркістан қаласында 3 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Жыл соңына дейін Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.
Түркістан қаласының 228 003 тұрғынының 83 335-і, яғни 36,5%-ы кәріз жүйелерімен қамтылған. Кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 127,5 шақырымды құрайды. Облыс орталығында 27 кәріздік сорғы станциясы мен тәулігіне 20 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазалау имараты (КОС) жұмыс істейді. Қызмет көрсетуші мекеме – «Түркістан су» МКК. Қазіргі уақытта кәріз тазалау имараты 2010-2014 жылдар аралығында салынып, бүгінде БОС-1 және БОС-2 тазартқыш имараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ағынды суларды тазарту жүйесін дамыту экологиялық жағдайды жақсартуға, тұрғындардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Мұндай жобалар жергілікті тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, тұрақты даму мен экономикалық өсуді қамтамасыз етуге зор үлес қосады.
Сондай-ақ, Түркістан қаласында тұрғын үй және инфрақұрылым саласындағы жұмыстардың тиімділігі, тұрғындардың экологиялық таза ортада өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл, өз кезегінде, тұрғындардың денсаулығын қорғауға және қалада тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осындай маңызды жобалардың іске асырылуы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, экологиялық таза ортада өмір сүруге және қала инфрақұрылымын нығайтуға зор ықпал етеді.