Шу қаласында облыстардың полиция департаменттерінің, есірткіге қарсы бөлімшелерінің, «Дельта-Долина» арнайы бөлімшесінің басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы
Ерлан Омарбеков аяқталған «Қарасора»операциясын талқылады.
Бұл операцияның жабылу орны ретінде Жамбыл облысының Шу қаласы кездейсоқ таңдалған жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, өткен жылы Шудан шыққан каннабис тобының есірткілері елдің барлық дерлік аймақтарынан алынды.
Операция кезінде аумақтық бөлімшелердің, оның ішінде ІІМ мен Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы-1400 астам жеке құрамын тарта отырып, ауқымды арнайы іс-шаралар өткізілгені атап өтілді.
Жету қиын аудандарда жасанды түрде отырғызылған есірткі плантацияларынанықтау және одан әрі есірткіні тарату арналарының жолын кесу бойынша барлау-іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылды.
Түркістан (1), Қызылорда (18) және Қарағанды (1) облыстарында барлығы 20плантация жойылды. Салмағы 8 тоннадан асатын 13 мың қарасора бұталары алынып, жойылды.
Марихуана дайындаумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтаа ұстау және патрульдеуүшін 18 жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомашина пайдаланылды.
Қызылорда облысында және Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының іргелес аудандарында тікұшақ техникасы тартылды,
20 ұшып барлау кезінде 2 марихуананы сақтап қою 2 дерегі (17 кг-нан астам алынды),8 есірткі егісі (8,5 мыңнан астам қарасора жойылды) анықталды. Қарасораны заңсыз өсірумен айналысқан 10 адам ұсталды.
Тікелей Жамбыл облысында рейдтер нәтижесінде есірткіні дайындау, сақтау және өткізу бойынша 14 күдікті ұсталды,
1,8 тоннадан астам каннабистік топтағы түрлі есірткі заттары алынды.
Барлығы республика бойынша операция барысында 934қылмыс анықталды, оның ішінде 454 есірткіні өткізу және сақтаудың 178 фактісі және 242 өсіру.
«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға ел басшылығы ерекше көңіл бөледі. Бұған қыркүйек айындағы Жолдау дәлел, онда Мемлекет басшысы біздің азаматтарымыз арасында есірткінің таралу жолына жойқын тосқауыл қоюды тапсырды. Бұл жерде біз героин трафигінің арналарын анықтау мен жоюға, елдің оңтүстік өңірлерінен марихуана мен гашишті дайындауға және шығаруға қарсы іс — қимыл жасауға, сондай-ақ есірткіні,оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған міндеттерге, іс-шараларға назар аударуымыз керек», — деп атап өтті Е. Омарбеков.
Сондай-ақ, ол интернет технологиялардың дамуына байланысты Интернет ресурстарын пайдалана отырып, синтетикалық есірткілердің таралу фактілерін анықтауға және жолын кесуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына байланысты 900жуық есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 307 өткізу фактісі, 87 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі. 107 кг астам синтетика заңсыз айналымға жіберілмеді.
Ведомствода аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сендірді.
ЖО ПД баспасөз қызметі