Қасқырлар Қазақстанның барлық аумағында өмір сүреді. Жергілікті жерлерде қасқырларды есепке алуды аңшылық пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының мамандары жүргізеді. Олар халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан қорғау, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген.
Адамның қасқырмен байланысы біздің еліміздің барлық аймақтарында кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы белсенді аудандарда өткір байқалады. Осы ретте, қасқыр популяциясын тиімді басқарудың мақсаты — олардың санын экожүйелердегі функцияларын бұзбай, тиімді реттеу.
Өткен жылы ел аумағындағы қасқырлардың саны шамамен 14 408 басты құраған (Анықтама. 2019 жылы 12812 қасқыр тіркелді). Қасқырды реттеу Қазақстанның барлық облыстарында жүргізіледі. Тек Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің географиялық деректеріне байланысты отырықшы қасқыр емес, өкпек қасқыр кездеседі.
Қасқыр өте пластикалық жануарлар түрі болғандықтан, климаттық, географиялық жағдайларға, сондай-ақ азық-түлік базасына байланысты оның популяциясы әр түрлі болады.
Сонымен қатар, қасқырларды реттеуге тыйым салынбаған.
Оның саны күрт төмендеген жағдайда, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тиісті шаралар қабылдайтынын хабарлаймыз.
ҚР ЭГТРМ баспасөз орталығы