«AMANAT» мобильді қоғамдық қабылдау жобасы Түлкібас ауданында жалғасты

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес,  «AMANAT» мобильді қоғамдық қабылдау жобасы Түлкібас ауданында жалғасты. Машат елді мекеніне арнайы бет бұрған партия мүшелері тұрғындармен кездесті. Онда жер жетіспеушілігі, суармалы жер мәселесі мен субсидия алусынды проблемалар талқыланды. Машат ауылдық округінде 1500 гектар жайылым жер бар. Оның 640 гектары тұрақты пайдалануда. Биыл қалған 300 гектар жерді ортақ пайдалануға қайта табыстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

         Партия қабылдауында тұрғындар тарапынан өзекті болған жер мәселесі талқыланды. Онда 500 гектар суармалы жерге су келмейтіні тұрғындарды мазалап отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша басты күн көріс мал кәсібі болғандықтанорылған шөп жетпейді дейді. Ұдан бөлек, қоғамдық қабылдауда тұрғындардың сауалы негізінен әлеуметтік жәрдемақы, жайлым жер, ауыл арасында көшелерге жарық орнату, жол, коммуналдық тарифтер, кәсіпкерлікті дамыту, баспанаға қол жеткізу сияқты мәселелерге қатысты болды.Айта кетейік,кездесуде айтылған талап-тілектер қараусыз қалмайды.Тиісінше шешімін тапқанға дейін партияның бақылауында болады. Жергілікті деңгейде шешімін таппаған өзекті мәселелер облыстық және республикалық бюджетті қажет етсе, жауапты министрлік байланысу арқылы өз шешімін таппақ.

         Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:

1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. WhatsАpp: 8 700 800 4441

3. E-mail: komek@amanatpartiasy.kz

Қабылдауға жазылу кездесу өткізілетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.

         Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл азаматтардың мәселелері басты назарда болады. Халық игілігі үшін ұйымдастырылып тұратын мұндай қоғамдық қабылдаулар өз жалғасын табатынын жеткізді.

Ntime.kz