Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізіліп, ұжымдарда қаралуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев «Аntikor ortalyǵy» алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша аталған іс-шаралар аясында іс-әрекеттердің себептері егжей-тегжейлі талқыланады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізіледі.
«Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 34 ұсыным енгізіліп, бүгінгі күнге оның 32-і қаралды.
Қарау нәтижесі бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды» — деп атап өтті Талғар Серікбаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті