BMW жүргізушісі Шымкенттің орталық көшелерінде дрифт жасаған

дрифтScreenshot

Жолдағы қауіпті трюктерді полиция қызметкерлері бірден тоқтатты. Тәртіп бұзушыны ЖБО инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы байқап, оны ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттады. Мегаполис көшелерінде таңғы 7-де дрифт жасайм деп шешкен жүргізуші Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Ер адамға қатысты хаттамалар толтырылды, жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданады. Ер адамның бұл жол ережесін бұзуы көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Шымкент қаласының ПД