Қазақстандық бизнес авиация операторы Comlux KZ Халықаралық іскерлік авиация кеңесінің (IBAC) аудитінен сәтті өтті және 2021 жылдың сәуір айының басында IS-BAO stage I сертификатын алды. Орталық Азиядағы IS-BAO Stage I сертификатын алған алғашқы әуе компания.
«When you are going “UP” – Safety first» Ұшу қауіпсіздігі — бұл біздің қызметіміздің басты басымдығы. Бүгін біз белсенді дамып жатырмыз. Бізде «EASA P-145» сертификатының арқасында Еуроодақта тіркелген ұшақтарға техникалық қызмет көрсету құқығы бар. Біз әуе кемелерінің жаңа түрлерін пайдалануға қабылдаймыз. Ағымдағы жылы өндіруші зауыттан 2 ұшақ жеткізілді.
IS-BAO стандарты — бұл біздің жолаушылар үшін қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті растау ғана емес, сонымен қатар саланың жалпы даму деңгейі. Біз алдымызға SMS-ті жетілдірудің барлық кезеңдерінен өтуді мақсат етіп қойдық, соның ішінде stage 3. Бірінші қадам жасалды» — дейді «Comlux KZ» бас директоры Денис Иванов.
АНЫҚТАМА:
IS-BAO стандарты (International Standard for Business Aircraft Operations) – ИКАО стандарттарына негізделген іскерлік әуе кемелерін пайдаланудың ерікті халықаралық стандарты. Оны енгізудің мақсаты – әуе компанияның кәсібилік деңгейін және жұмыс қауіпсіздігін арттыру.
I Stage – бұл инфрақұрылымның құрылғанын, құжатталғанын, ресурстармен қамтамасыз етілгенін және енгізіліп жатқанын растайтын ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (SMS) енгізудің бірінші кезеңі.